Канадалықтардың 60 пайызға жуығы Сочидегі Олимпиаданы жіті бақыламақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канада халқының 60 пайызға жуығы Сочидегі Олимпиада ойындарының өту барысын «жіті бақыламақ».

Канадалықтардың 60 пайызға жуығы Сочидегі Олимпиаданы жіті бақыламақ

Мұндай нәтижені «Харрис-Десима» зерттеу қызметі жүргізген жалпыхалықтық сауалнама көрсетті. Сонымен бірге, сауалнамаға қатысушыларға: «Канада құрамасы Сочиде қай спорттан сәтті ойын көрсетеді?» деген сауал қойылды. Оған халықтың 73 пайызы алтын медальдарды ерлердің хоккей құрамасы әкеледі деп көрсеткен. 71 пайызы әйелдердің құрама командасы алтын еншілейді десе, 63 пайызы жалпыкомандалық есепте үшінші орыннан түспейді деген. Ал 58 пайызы басқа елдерге қарағанда жеңіп алынған медальдар санының көптігімен көзге түседі деп жауап берген.

Ванкуверде өткен Олимпиадада канадалықтар 26 медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді. Алайда алтын саны бойынша бәрінен алға шықты (14).