Канаданың Әскери-әуе күштерін алғаш рет әйел басқарады

АСТАНА. KAZINFORM – Генерал-лейтенант Джейми Спейсер-Бланшет Канаданың Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметін атқарған алғашқы әйел атанады, деп хабарлайды ТАСС Канада Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Канаданың Әскери-әуе күштерін алғаш рет әйел басқарады
Фото: thecanadianpress.com

– Генерал-лейтенант Спейсер-Бланшет Канаданың Әскери-әуе күштерінің 22-ші басшысы және бұл лауазымды атқаратын алғашқы әйел болады, - делінген ведомства хабарламасында.

The Canadian Press хабарлағандай, тағайындау рәсімінде жаңа бас қолбасшы Канаданың Әскери-әуе күштері «үлкен міндеттер» алдында тұрғанын атап өтті. 

– Қазір бізде кадр жетіспейді және жауынгерлік әзірлікке жоғары талаптар қойылады. Менің ойымша, бұл – басты мәселе, - деді ол.

Канада Әскери-әуе күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалғанға дейін Спейсер-Бланшет «Гриффон» шабуылдау тікұшағының ұшқышы болды және Гаити мен Босния және Герцеговинадағы БҰҰ және НАТО миссияларында қызмет етті. Сондай-ақ Канада Әскери-әуе күштерінде әртүрлі командалық қызметтерді атқарды. 

Еске сала кетейік, Еуроодақ пен Канада қатынастарын нығайтады. 

Бакуде «Study in Kazakhstan» халықаралық білім беру көрмесі өтті
Ұқсас жаңалықтар

Бакуде «Study in Kazakhstan» халықаралық білім беру көрмесі өтті