Канаданың Атлант мұхиты жағындағы жағалауда дельфиндер құрлыққа шығып кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық Жаңа Шотландия провинциясының шығыс жағалауында 16 қара дельфин құрлыққа шығып кеткен, олардың алтауы өлді, деп хабарлады CTV телеарнасынан.

Канаданың Атлант мұхиты жағындағы жағалауда дельфиндер құрлыққа шығып кеткен

Гриндтер (дельфиндердің бір түрі) Кейп-Бретон ауданында табылды.

"Жануарларды құтқаруға келген 25 жергілікті тұрғын шелекпен су тасып, дельфиндерге құйған. Олардың 10-ы құтқарылып, кейінірек мұхитқа жіберілді", - деді жергілікті тұрғын Линден Макинтайр.