Канаданың шығысы су тасқыны астында қалуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Канададағы Нью-Брансуик провинциясының Перт-Эндовер қаласының 200-ге жуық тұрғыны сенбіден жексенбіге қараған түні жергілікті өзен суларының таси бастауынан қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ТАСС.
"Адамдар қатты үрейленуде. Өткен жылы да су тасқыны болған еді, биыл бірақ жағдай одан күрделірек", - деді қала мэрі Терри Ритчи. Ол елді мекенде төтенше жағдай жарияланғанын айтты.
Қауіпсіз жерге жеткізілген қала халқы Қызыл крестің арнайы тұрғынжайлары мен қонақүйлерге, мектептерге орналастырылды. Адамдар өз үйлеріне бір тәуліктен кем емес уақыттан соң ғана орала алады деген тұжырым жасалып отыр.
Айта кетейік, Перт-Эндоверде шамамен 1,8 мың адам тұрады.