07:25, 02 Мамыр 2017 | GMT +5
Канаданың Виннипег қаласында полицей күдіктіге оқ атты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Виннипег қаласының орталығында сақшылардан қашқан ер адамды полицей атып тастады. Жарақат алған адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті.
Оқиға екі кеңсе ғимаратының ортасындағы жаяу жүргіншілер жолында болған, деп жазады ТАСС. Куәгерлер күдіктіні 20 шақты полиция қызметкері қуғанын атап өткен. Атыс болған жерге Виннипег қаласы полициясының ішкі тергеу қызметкерлері келіп жеткен. Бұл құқық қорғаушының оқ атқанын нақтылай түседі.