Қанафия Телжановтың 90 жылдығына орай суретшінің мерейтойлық көрмесі ашылады
Рестроспективтік көрмеге Қанафия Телжановтың шығармашылық жолының негізгі кезеңдерін қамтитын Ә. Қастеев атындағы ҚӨМ қорындағы 70-ке тарта кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады.
«Қанафия Телжанов екі мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. Көптеген халықаралық, бүкілодақтық және республикалық көрмелердің қатысушысы. Телжановтың шығармашылығының диапазоны аса ауқымды. Ол тарихи және тұрмыстық кескіндемелердің, портреттік және пейзаждық туындылардың авторы. Экспозицияға шебердің «Бүркітпен аңға шығу» (1954), «Атамекен» (1958), «Көкпар» (1960), «Тыныштық» (1964), «Қыз қуу» (1966), «Қазан» триптихы (1970) және т.б. кірді. Қазақ кәсіби кескіндеме мектебінің негізін салушылардың бірі Қанафия Телжанов бүкіл өмірі мен құдіретті дарынын өз халқына, гуманизмнің жарқын идеалдарына, өнер жолындағы жасампаздыққа арнады», - деді көрме жетекшісі, өнертану ғылымдарының кандидаты Әмір Жадайбаев.