Қанат Бозымбаев Премьер-Министрдің орынбасары болып қала береді

АСТАНА. KAZINFORM — Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қанат Бозымбаев Премьер-Министрдің орынбасары болып қала береді
Фото: ҚР Үкіметі

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Бүгін сондай-ақ Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.

Ал Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары — Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Артынша Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болатыны белгілі болды.