Қанат Бозымбаев бензиннің өз бағасы қаншаға шығатындығын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, бүгінде АИ-92 маркалы бензиннің 30 пайызы көрші Ресейден тасымалданады. 
None
None

Аталған жанар-жағармайға кететін барлық шығындарды санағанда бір литрдің бағасы 150-151 теңгеге шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді қараңыз, Ресеймен шекаралас жерлерде бензиннің бір тоннасы 560 долларға сатылады. Оны Қазақстанға жеткізу, құжаттарын рәсімдеу шаралары тағы бар. Сонда жанар-жағармай стансалары бір тоннаға шамамен 13 мың теңге жұмсайды. Осылайша, ресейлік бензинді өзімізге әкеліп сатсақ, бір литрі шамамен 150-151 теңгеге шығады. Бұны кез келген трейдер бізден де артық біледі», - деді Бозымбаев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Министрлер кабинетінің отырысында министр Бозымбаев бензин бағасының қымбаттауын түсіндірді. https://kaz.inform.kz/news/bozymbaev-benzin-bagasynyn-kymbattauyn-tusindirdi_a3071152 Сондай-ақ, бағаның қай кезде тұрақты болатынына болжам жасады. https://kaz.inform.kz/news/benzin-bagasy-kashan-turaktanatyny-belgili-boldy_a3071145

Соңғы жаңалықтар
Референдум