Қанат Бозымбаев Маңғыстаудағы жылу мен энергияның тапшылығын түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы мен Маңғыстау облыстық әкімдігі «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» мекемесінің электр станцияларының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қолға алуы қажет, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанат Бозымбаев Маңғыстаудағы жылу мен энергияның тапшылығын түсіндірді

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, 28-30 қарашада «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» компаниясының 2-ші жылу орталығында автоматты реттеу жүйесінің тұрақсыз жұмысы нәтижесінде 6-шы және 9-ші турбиналарда апаттық жағдай болды. «Соның салдары Маңғыстау тұрғындарының тұтыну қабілетінің шектелуіне әкеліп соқтырды. Сонымен бірге «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» мекемесінің 1-ші жылу электр станциясында бірінші энергия блогында роторды ауыстыру шаралары әлі аяқталған жоқ. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы Маңғыстау облыстық әкімдігімен бірлесіп, осы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» мекемесінің электр станцияларының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қолға алу қажеттігіне назар аударғым келеді», - деді Қ.Бозымбаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.
null
Айта кетейік, бүгінде монополистердің қарызы 6 млрд теңгеден асты. Қарыздың басым бөлігі - 3,8 млрд теңге «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-на тиесілі. Аталған кәсіпорын газдың ақшасын төлемей отыр.null