Қанат Бозымбаев өңірлерді көмір дайындау ісін жеделдетуге шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, көмір тасу жұмысына бұл күнде 29 мың ашық вагон, сонымен бірге «KTZE-Operator» қызметінің 15 мың ашық вагоны, өзге де жеке меншік иелерінің 14 мың вагоны жұмылдырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлікпен жылыту маусымында тоннасы 70 мың теңгелік 312 мың тонна көлеміндегі «әлеуметтік» мазутты тасымалдау кестесі келісілді. Ол аймақтарға бағытталады», - деді Қанат Бозымбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ол өз сөзінде электростанциялардың жанар-жағармай қоймаларында 3,4 млн тонна көмір мен 79 мың тонна мазут жинақталғанын, бұл жалпы нормативті көлемге сай келетінін атап өтті.

«Жылыту маусымына дейін көмір бойынша норматив Көкшетау қаласындағы №2 қазандықта дайын болады. Орталықтандырылған жылумен қамту аумағындағы қазандықтарда 1,1 млн тонна көмір жинақталып қалды. Бұл жоспардың - 84 пайызы. Сонымен бірге, 25 мың тонна мазут бар. Бұл жоспардың 18 пайызы», - деді министр.

Ведомство басшысы Солтүстік Қазақстан облысында (жоспардың 16 пайызы), Павлодар облысында (жоспардың 51 пайызы) көмір әзірлігін, ал мазут әзірлігін Ақмола (жоспардың 2 пайызы) мен Қарағанды (жоспардың 9 пайызы) облысында өсіру керектігін атап өтті.

«2018 жылдың 8 айы бойынша Қазақстанда жалпы 70 тонна көмір өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға артық (66,9 млн тонна). Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік үшін 8 айдың ішінде 6,7 тонна көмір тиелген», - дейді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram