Қанат Ислам 26 мамырдағы айқасқа дайындық үстінде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал боксшы Қанат Ислам (23-0, 19КО)  Флоридада (АҚШ) 26 мамырда  өтетін кезекті профи -рингтегі жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр, деп хабарланды  «Профи Бокс Казахстана» ВКонтакте  тобында. 

Қанат Ислам 26 мамырдағы айқасқа дайындық үстінде

Біздің отандасымыз  бірінші орта салмақта Норберто Гонсалеспен (23-8, 13КО) WBO, NABA және WBA Intercontinental  титулы үшін айқасады.

«Қазақстандық Майамиде орналасқан Нельсон Лопесдің жаттықтыру базасында күніне екі реттен шеберлігін шыңдау үстінде. Қанат күн сайын Окичоби көлінің жағасында сағат 6:00-ден бастап 20 шақырымға жүгіреді,-деп хабарлайды боксшының өкілі Берік Сұлтан.

Таяу күндері алдағы айқас туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Бұған қоса айтарымыз, бұл бокс кешіне өзге қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров та қатысады. Әзірге оның қарсыласы белгісіз болып отыр.

«Қазақстан» телеарнасы Ислам мен Жанқоштың жекпе-жектерін 27 мамыр күні тікелей эфирден көрсетеді.