Қанат Ислам АҚШ-тағы жекпе-жегіне дайындығын жалғастыруда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (23-0, 19 КО) 26 мамыр күні АҚШ-тың Бока-Ратон қаласында өтетін өзінің келесі жекпе-жегіне дайындықты жалғастыруда.
Sports.kz сайтының мәліметінше, мексикалық Норберто Гонсалеспен (23-8, 13 КО) болатын айқаста Ислам бірінші орта салмақтағы WBO NABA және WBA Intercontinental белбеулерін сарапқа салады.
Фотограф Лестер Сильва Instagram-дағы өзінің аккаунтында Қанаттың жаттығу үстіндегі фотосын жариялады.
Еске салайық, қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Worldboxingnews.net сайтына берген сұхбатында әлем чемпионы атанатын уақыт жеткендігін мәлім еткен болатын.