Қанат Ислам алғашқы жеңілісінен кейін рингке қай күні шығатыны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі былғары қолғап шебері Қанат Ислам мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейін шаршы алаңға қай күні шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қанат Ислам алғашқы жеңілісінен кейін рингке қай күні шығатыны белгілі болды

Sports.kz сайтының мәліметінше, қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 КО) алдағы екі аптаның шамасында рингке оралады.

Қ.Исламның жаттықтырушысы Роджер Ромо боксшының келесі жекпе-жегінің нақты күнін 7 қазанға белгіледі. Қазақ боксшысының қайда және кіммен жұдырықтасатыны әзірге анықталған жоқ.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам ақпан айында соңғы жекпе-жегін өткізіп, кәсіпқой бокс мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған болатын. Ол британдық Джимми Келлимен (26-3, 10 КО) қолғап түйістіріп, жеңіліп қалған еді. Бұл жекпе-жекте орта салмақтағы WBO Global титулы сарапқа салынады. Ислам бұған дейін WBO International титулына ие болған.


Ашық көздерден алынған фото