Қанат Ислам Базилио Сильваны нокаутқа жіберді

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Қанат Ислам тәжірибелі доминикандық Базилио Сильвадан техникалық нокаутпен басым түсті. Рейтингілік кездесу Доминикан Республикасында өткен болатын, деп хабарлайды Sports.kz.

Қанат Ислам Базилио Сильваны нокаутқа жіберді

Жекпе-жек қазақстандықтың айқын басымдығына байланысты алтыншы кезеңде төрешілердің шешімімен тоқтатылды.
Қанат Сильваны төртінші раундта-ақ есеңгіреткен еді, алайда тәжірибелі қарсылас есін жиып, кездесуді жалғастыра алды.

Осылайша, 29 жастағы Қанат Ислам кәсіпқой рингте 16 кездесу өткізіп, 16 мәрте жеңіс тойын тойлады. Соның ішінде ол 14 жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберген.