Қанат Ислам доминикалық боксшымен титул үшін жұдырықтасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат- Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0,20КО) алматыда өтетін жекпе-жегінде доминикалық боксшымен жұдырықтасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясының хабарлауынша, Қанат Ислам екі жылдық үзілістен кейін орта салмақтағы WBO Inter-Continental белдігі үшін жұдырықтасады, қарсыласы доминикалық Жулио Де Жесус.

Айта кетейік, Жули оДе Жесус кәсіби рингте 27 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде ғана жеңілген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қанат Ислам 5 шілде күні Алматы қаласында рингке қайта оралады. Сондай-ақ, бокс кешіне Мадияр Әшкеев, Абылайхан Құсайынов, Руслан Мырсатаев сынды қазақстандық боксшылар өнер көрсетеді.

null

Соңғы жаңалықтар