Қанат Ислам: Елбасы ЭКСПО-да жекпе-жек өткізуге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам (22-0-0, 19 КО) Астанада ЭКСПО кезінде бокс кешін өткізуге дайын екендігін мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Биыл Астанада тағы да үлкен жекпе-жек күтіп тұр. Елбасы бізді Астанадағы ЭКСПО-да жекпе-жек өткізуге шақырды. Алғысым шексіз. Соған жақсы дайындалып, бүкіл қазақтың жігіттері Астанада ЭКСПО-да қазақтың көк туын желбіретіп, бүкіл әлемге тағы да біздің кәсіпқой бокстың мықты деңгейге көтерілгенін дәлелдейміз деп ойлаймын. Сіздерге алғысым шексіз. Алға Қазақстан! Жасасын тәуелсіз Қазақ елі! Раxмет!», - деді ол Робсон Ассиспен өткен жекпе-жектен соң берген сұxбатында. Оны Өркен Кенжебек Фейсбуктағы парақшасында жария етті.

Айта кетейік, бүгін Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО) бразилиялық Робсон Ассиспен (17-4-0, 9 КО)  кездесу өткізіп, қарсыласын бірінші раундта сұлатып салды.

Боксшылардың кездесуі кіші Рой-Джонстың бокс кешінің аясында өткен болатын. Бұл әлемге «Қазақ» деген атпен танылған Қанат Исламның кәсіпқой рингтегі 23-ші кездесуі.

Қанат осыған дейін 22 кездесуінде жеңіске жетіп, оның 18-ін нокаутпен аяқтаған.

Соңғы жаңалықтар