Қанат Ислам IBF рейтингінде жағдайын жақсартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ санаты өкілдерінің жаңартылған рейтингін ұсынды, деп хабарлады Sports.kz.
Бірінші орта салмақта шығып жүрген Қанат Ислам 13-ші сатыдан алтыншыға көтерілді. Жартылай орта салмақтағы боксшы Жанқош Тұраров 12-ші орнын сақтап қалды.