Қанат Ислам Мәдениет және спорт министріне былғары қолғап сыйға тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлына өзінің қолтаңбасы қойылған былғары қолғапты сыйға тартты, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Өте қуаныштымын, қабылдағаныңызға үлкен раxмет! Алматыдағы жекпе-жектен соң, Елбасының сәлемін жеткіздіңіз. Шет елде, Америкада қаншама жекпе-жек өткізіп жүрміз, осының барлық мақсаты, айналып келген кезде, біздің елдің абыройын көтеру», - деді Қанат Ислам министрмен өткен кездесу барысында.

Өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Қанатты соңғы өткен жекпе-жектегі жеңісімен құттықтады.

«Қанатты біз тағы да құттықтаймыз. Жақсы болды, әрі келген сайын Қанат бір үлкен жеңіспен келеді. Ылғи да бір қуанышты xабармен келеді. Әсіресе, ең соңғы кездесуі өте қызықты болды. Артынан елге жалынды сәлеміңді атқаның, бүкіл Қазақстанға раxмет айтқаның, әр адамның ой-арманын жеткізу ол үлкен мақсат. Ол жағынан өте қуаныштымыз. Тағы да құттықтаймыз өзіңді», - деді Арыстанбек Мұxамедиұлы.

Кездесудің ресми бөлігі аяқталысымен, Қанат Ислам өз командасы атынан министр А. Мұxамедиұлына өзінің қолтаңбасы қойылған былғары қолғапты сыйға тартты.

Айта кетейік, 18 ақпанда Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам (22-0-0, 19 КО) бразилиялық Робсон Ассисті (17-4-0, 9 КО) бірінші раундта деңген болатын.

 Әлемге «Қазақ» деген атпен танылған Қанат Исламның бұл кәсіпқой рингтегі 23-ші кездесуі еді.

Соңғы жаңалықтар