15:22, 04 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Қанат Ислам мен Брэндон Куктің айқасы алдындағы баспасөз мәслихаты өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 қыркүйек күні республикалық «Сарыарқа» велотрегінде Астанада ешкімнен жеңіліп көрмеген қос боксшы - Қанат Ислам мен Брэндон Куктің жекпе-жегі алдындағы «кеңейтілген» баспасөз мәслихаты өтеді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар, бұл баспасөз мәслихатына 9 қыркүйек күні жұдырықтасатын 8 боксшымыз және олардың промоутерлері қатысады.
Еске сала кетейік, Ислам - Кук жекпе-жегі 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental белдіктерін қорғайды. Сондай-ақ осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық 8 боксшы шаршы алаңға шығады.