Қанат Ислам мен Иса Ақбербаев WBC рейтингiнде жоғарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкiләлемдiк бокс кеңесi (WBC) кәсiпқой боксшылардың жаңартылған рейтингiсiн жариялады.
Бұл тiзiмде бұның алдында 53,5 келi салмақта көш бастап келген жерлесiмiз Жанат Жақиянов екiншi орынға түсiп қалды. Бiрiншi ауыр салмақтағы (90,7 келi) Бейбiт Шүменов 17-орынды сақтап қалды. Ал Қанат Ислам (69,8 келi) мен Иса Ақбербаев (90,5 келi) екi сатыға жоғарылап, тиiсiнше 33-шi және 32-орындарға жайғасты.