Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров IBF рейтингінде өз позицияларын сақтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық дәреже өкілдерінің жаңартылған рейтингін жариялады, деп жазады Sports.kz.

Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров IBF рейтингінде өз позицияларын сақтап қалды

Алдыңғы рейтингпен салыстырғанда, қазақстандықтардың орындары өзгермеген. Жанқош Тұраров жартылай орта салмақтағы 12-ші орында тұрса, Қанат Ислам бірінші орта дәрежедегі ТОП-15 рейтингінде өз позициясын сақтап қалды.