Қанат Ислам рингте кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті

АСТАНА.ҚазАқпарат - WBA fedelatin, WBO intercontinental чемпионы Қанат Ислам мен  WBA, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов Алматы қаласының «MD бокс» залында ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қанат Ислам рингте кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті

null

Қанат Исламның PR-менеджері Берік Сұлтанның хабарлауынша, ашық жаттығу өте жоғары деңгейде өтіп, оны көруге жиналған көрермендер саны көп болды. Қазақтың қос батыры жас спортшыларға бокстағы ұрыс тәсілдерін үйретіп, өз тәжирбелерімен бөлісті.

null 

Жаттығу соңында боксшылар БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, жанкүйерлермен фотоға түсті. Сондай-ақ, Қанат Ислам рингте кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесіп, болашақта чемпион болуына тілектестік білдірді.

null 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 31 нарыз күні Қанат Ислам Жанат Жақияновты жеңісімен құттықтап, шапан жапқан болатын.

null