Қанат Ислам салмақ өлшеу рәсімінен өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 7 қараша күні (Астана уақыты бойынша 8 қараша, сағат 8.00-де) АҚШ-та өзінің кезекті кездесуін өткізеді.

Қанат Ислам салмақ өлшеу рәсімінен өтті (ФОТО)

Бұған дейін боксшының жаңа қарсыласы доминикандық Джонатан Батиста (15-7, 8-KO) болатынын хабарлаған едік. Бүгін спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Боксшылардың салмағы: Қанат Ислам - 152,8/ 69,3 кг, Джонатан Батиста 154/69,8 кг болды.