Қанат Ислам таяу күндері АҚШ-қа ұшады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық боксшы Қанат Ислам таяу күндері АҚШ-қа ұшпақ. Боксшының не үшін баратыны әзірге белгісіз.

Қанат Ислам таяу күндері АҚШ-қа ұшады

Осы сапардан кейін Исламның келесі айқасының егжей-тегжейі белгілі болады, деп жазады sports.kz.

Еске салсақ, Қанаттың қанжығасында кәсіби рингтегі 20 жекпе-жегінде 20 жеңіс (17 КО) бар. Боксшы әлемдегі кәсіби бокстағы ең ықпалды тұлға - Эл Хэймонмен келісімшартқа отырған.