Қанат Ислам WBA рейтингінде екінші орнын сақтап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ санаттары бойынша жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Бірінші ауыр салмақта қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев 14-інші орыннан 13-ке көтерілді. Бірінші орта салмақ санатындағы Қанат Ислам өзінің екінші орнын сақтап қалды. Жартылай орта салмақтағы Жанқош Тұраров ТОП-15 спортшылар арасындағы 10-ыншы орнын сақтап тұр.