Қанат Ислам WBA рейтингісінде жоғары көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақтың кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) мамыр айында жасалған рейтингісінде жоғары көтерілді.

Қанат Ислам WBA рейтингісінде жоғары көтерілді

Ұйымның ресми сайтында жарияланған тізімде Қанат Ислам 11-орыннан 9-орынға жылжыған. Айта кетейік, жерлесіміз мамыр айында Колумбияда жергілікті боксшы Франциско Кордеромен кездескен болатын. Жекпе-жекті 3 раундта аяқтап тастаған Қанат әлемнің ең тегеурінді боксшы деп танылды. Ол өзінің 17 кездесуінің бәрінде де жеңіске жетіп, оның 14-інде қарсыласын нокаутқа жіберген.