18:19, 04 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Қанат Ислам жетінші кездесуінде де жеңіске жетті
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Колумбияда өткен кезекті жетінші кездесуінде тағы да жеңіске жетті.

Ол бұл жолы осы елдің боксшысы Реиналдо Эскуивианы ұтты. Бұл туралы «Аламан» ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.
Боксшылардың жекпе-жегі Колумбияның Пуэрто-Колумбия қаласында өтті. Қанат Ислам кездесудің алтыншы раундында айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Boxrec порталының дерегіне сүйенсек, колумбиялық боксшы Реиналдо Эскуивиа 35 жаста. Шаршы алаңда барлығы 19 кездесу өткізіп, тоғызында жеңіске жеткен.
Ал Қанат Ислам мүше Nelsons проумоутерлік компаниясының сайтында, бұл қазақ боксшысының жетінші таза жеңісі екені жазылған.
Қанат Ислам бұған дейін тағы бір колумбиялық боксшы Сегунда Херрераны жеңген еді.