Қанат Исламды әлемдік деңгейдегі дарын иесі деп атады

«Қазақстандық Қанат Ислам бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберіп, өзінің статистикасын 23-0-ке жеткізді. Нағыз жауынгер. Әлемдік деңгейдегі дарын иесі», - деп жазды Маккафери Твиттерде.
Еске салайық, бүгін Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам (22-0-0, 19 КО) мен бразилиялық Робсон Ассис (17-4-0, 9 КО) арасында кездесу өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундтың соңында сұлатып салды.
Боксшылардың кездесуі кіші Рой-Джонстың бокс кешінің аясында өткен болатын.
Бұл әлемге «Қазақ» деген атпен танылған Қанат Исламның кәсіпқой рингтегі 23-ші кездесуі. Ол осыған дейін өткізген 22 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, оның 18-ін нокаутпен аяқтады.