Қанат Исламды Шүменов дайындап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қанат Исламды бірінші ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменов дайындап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қанат Исламды Шүменов дайындап жатыр

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының ресми сайты таратқан мәліметке сүйенсек, «QAZAQ» Шымкент қаласының «Royal Club Fitness & SPA» залында күніне 3 сағаттан жаттықтырып жатыр.

Жаттығу техникалық мүмкіндіктерді арттыруға арналған.

Қанат Ислам желтоқсан айының ортасында АҚШ-қа аттанады.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Исламның келесі міндетті қарсыласы америкалық боксшы Джон Вера болуы мүмкін.

WBA қауымдастығының хабарлауынша, тараптарға хабарландыру 21 қарашада жеткізіліп, екі боксшының командасына келіссөздер өткізуге 30 күн уақыт берілген.

Егер тараптар жекпе-жек туралы нақты келісімге келе алмаса, кездесуді өткізу құқығы бәссаудаға қойылады.