Қанат Исламның бесінші баласы дүниеге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой боксшы WBO NABO мен WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері, қазақстандық боксшы Қанат Исламның бесінші баласы дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қанат Исламның бесінші баласы дүниеге келді

Былғары қолғап шеберінің көп балалы әке атанғаны туралы Инстаграм желісінде хабарланды.

«Team QAZAQ-та үлкен қуаныш. Қанат Ислам 5-ші рет əке атанды», - делінген боксшы командасының ресми парақшасында.

Алайда жазбада спортшының отбасында нақты кімнің дүниеге келгені айтылмаған.