Қанат Исламның экс-қарсыласы сүрінді - GGG мен Canelo айқасының андеркарты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның бұрынғы қарсыласы канадалық боксшы Брэндон Кук Лас Вегастағы T-Mobile Arena-да Геннадий Головкин мен Сауль Альварес айқасының андеркартында жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Канадалық боксшы Хайме Мунгиямен кездесті. Бар-жоғы 22 жастағы мексикалық бұл күнде танымал боксшы болып қалған. Ә дегенде ауыр соққыларымен Кукты састырып алғашқы раундта басым түсті.

Қарсыластың қарым-қабілетін сезген канадалық екінші раундта қимылын ширата түскен. Алайда Мунгия орта және алыс қашықтықта канадалықты жолатпай бүйірден ауыр соққыларды дарыта білді. Екінші раундтың соңғы секундтарында тіпті Мунгия қарсыласын құлататындай көрінген. Алайда бұл жолы да Кукты гонг құтқарды.

Үшінші раундта Кук ногдаунға түсті. Дәл осындай тағы бір-екі шабуыл айқасқа нүкте қойып, мексикалық өз атақтарын абыроймен қорғап қалды.

Аталмыш жекпе-жектен Мунгия 250 мың АҚШ долларын, ал Кук 30 мың АҚШ долларын тапты.

Еске сала кетсек, былтыр 9 қыркүйекте Астанада өткен бокс кеші аясында қазақстандық Қанат Ислам (24-0, 19КО) дәл осы канадалық Брэндон Кукты (18-0, 11КО) жеңіп, өз атақтарын қорғап қалған болатын. «Сарыарқа» спорт кешенінде өткен кеште «Қазақ» канадалық «Жаман баланы» 9-раундта тізе бүктірген еді.

Фото: insidehboboxing.com

Соңғы жаңалықтар
telegram