Қанат Исламның қарсыласы жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com хабарлағандай, қазақстандық боксшы Қанат Исламның қарсыласы колумбиялық Хуан Де Анхель рингте кездесуде жарақат алды, деп хабарлады Sports.kz.

Қанат Исламның қарсыласы жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді

«Алтыншы раундта Ислам де Анхельдің нокдаунымен аяқталған сәтті соққы жасады. Бұған дейін бірнеше секунд бұрын колумбиялық боксшы аяғын қайырып алған. Қанат ұзаққа созбай, жекпе-жекті аяқтауды шешті. Де Анхель айқастан кейін жіліншігі зақымданып, ауруханаға жеткізілді», - деп жазды басылым.

Бұл Исламның кәсіби рингтегі 21-ші жеңісі, ол бірде-бір рет жеңілмеген.