Қанат Исламның кезекті қарсыласы рейтинг бойынша өзінен 9 саты жоғары тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (23-0,19КО) 26 мамыр күні АҚШ-тың Флорида қаласында кезекті жекпе-жегін өткізеді.

 Қанат Исламның кезекті қарсыласы рейтинг бойынша өзінен 9 саты жоғары тұр

boxrec.com сайты Қанаттың мексикалық Норберто Гонсалеске (23-8,13КО) қарсы жекпе-жегінің деңгейін 3 жұлдызға бағалады.

boxRec порталының  әлемдік рейтингінде Қанат бірінші орта салмақта 55 ұпаймен 55-орында тұрса, Гонсалес 59 ұпаймен 46-орында тұр. Ал бұл Қанаттың алғашқы 3 жұлдыз деңгейіндегі жекпе-жегі болмақ. 12 раундқа жоспарланған белдесудің жеңімпазы WBO тұжырымы бойынша NABO және WBA тұжырымының аймақтық Intercontinatal белбеуін қанжығасына байлайтын болады. Сондай-ақ, boxRec рейтингі жоғарлайды.

null null 

Айта кетейік, бірінші орта салмақта 1 798 кәсіпқой боксшы өнер көрсетеді. Геннадий Головкинның қарсыласы Саул Альварес осы салмақтың әлемдік рейтингінен көш бастап тұр, оның еншісінде 1 358 ұпай бар.

Бұған дейін алты салмақ санатында өтетін бокс кешіне жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (20-0, 14 КО) мексикалық Густаво Гарибаймен (13-8-2, 5 КО) жұдырықтасатыны белгілі болды. Бокс кешін «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді.