Қанат Исламның Нью-Джерсидегі жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

АСТАНА.ҚазАқпарат - «Қазақстан» ұлттық арнасы кәсіпқой бокста ел намысын абыроймен қорғап жүрген отандасымыз Қанат Исламның жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанат Исламның Нью-Джерсидегі жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін 17 ақпан күні Нью-Джерси штатындағы Ньюарк қаласында бразилиялық Робсон Ассисқа қарсы өткізеді. Рой Джонстың қатысуымен өтетін кеште Исламды 10 раундтық айқас күтіп тұр.

Аталмыш кешті 18 ақпан күні таңғы сағат 08:00-ден бастап «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, бразилиялық осы уақытқа дейін өткізген 19 кездесуінде 3 рет жеңіліп, 16-сында жеңіске жеткен. 9 жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен ұтты. Ол кәсіпқой бокстағы мансабын 2006 жылы бастады.

Ал Қ.Ислам кәсіпқой бокстағы 23-ші кездесуін өткізгелі отыр. Соңғы жекпе-жегін 29 қазан күні Алматыда өткізді, ол төрешілердің шешімімен ганалық Патрик Аллотейден басым түскен еді.