Қанат Қартенбаев Паназиялық бокс қауымдастығының нұсқасы бойынша Азия чемпионы атанды

АЛМАТЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда кәсіпқой бокстан Паназиялық бокс қауымдастығының (ПАБА) нұсқасы бойынша Азия чемпиондығы атағы үшін жекпе-жек өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оны «Zhersu» инвестициялық-өнеркәсіп корпорациясы мен Марат Мәзімбаевтың промоутерлік компаниясы ұйымдастырды. 63,5 килә салмақ дәрежесіндегі Азия чемпионы белдігінің иесі өзге салмақ санатына ауысқандықтан бұл атаққа үміткерлер арасында аталмыш жекпе-жекті өткізуге ПАБА санкция берді. 12 раундтық жекпе-жекте «Абылай хан» кәсіпқой спорт клубының былғары қолғап шебері Қанат Қартенбаев қарсыласын 6-шы раундта нокаутпен ұтты. Кәсіпқой бокстан 3 жылдан астам уақыттан бері бақ сынап жүрген Қанаттың бұл 9-шы жеңісі. Бұған дейін 13 кездесу өткізіп, оның 8-інде ұтып (екеуі нокаутпен), үшеуінде жеңіліп, екеуінде тең түскен болатын. Ал Косвараның бұл 17-ші жекпе-жегі. Осыған дейін 26 кездесу өткізген индонезиялық боксшы оның 16-сын ұтып (9-ы нокаутпен), 8-інде ұтылып, екеуінде тең түскен. «Қарсыласымның ойын мәнерімен бір апта бұрын ғана таныстым. Өте төзімді және қорғанысы мықты спортшы екен. Сондықтан бапкеріміз екеуміз ол солақай болғандықтан тек сол қапталда ойнауды жоспарлағанбыз. Жоспарларымыз 60 пайызға орындалды. Жалпы бұл жекпе-жекті 6-шы раундта аяқтауға болатынын 5-ші раундта-ақ анық байқадым. Оны сәтті жүзеге асырдым деп ойлаймын», - дейді Қанат Қартенбаев. Олег Ковальчуктен тәлім алатын Қанатың бұл кәсіпқой бокстағы үшінші кездесуі. Ол 2007 жылы наурыз айында құрлықтың Asia Pacific чемпионы белдігін жеңіп алған болатын. Алайда былтыр жазда Германияда ресейлік Сергей Сорокинге техникалық нокаутпен ұтылып, одан айрылып қалған еді. Енді жаңа атаққа қол жеткізіп отыр.
Соңғы жаңалықтар