Қанат Саудабаев Алматыда мәдениет пен өнер, білім мен денсаулық сақтау және өндіріс саласының өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті

         лы/ -  Бүгін  Алматыда  Мемлекеттік хатшы- Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес мәдениет пен өнер, білім мен денсаулық сақтау және өндіріс саласының бір топ өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті, 
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Олардың арасында ҚазҰУ профессоры    Сұлтан Сартаев (ІІ дәрежелі "Барыс" ордені),     суретші Үкі Әжиев, театр әртісі Фарида Шәріпова, жазушы Шериаздан Елеукенов, театр режиссері  Нұрқанат Жақыпбай ("Парасат" ордені),     жазушы Анатолий Ким,  театр әртісі Сергей Уфимцев ( ІІ дәрежелі "Достық" ордені),  жазушы Сәтімжан Санбаев,  театр режиссері Ғафиз Есімов, кинорежиссерлер Ермек Шынарбаев пен Болат Қалымбетов ("Құрмет" ордені) ,  тілтанушы Әбдуәлі Қайдар, ақын Марфуға Айтқожина, театр әртісі Дария Жүсіп ("Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы) және тағы басқа  да  ел азаматтары бар.   Елбасының Жарлығында бұл мемлекеттік наградалардың  мемлекеттік, қоғамдық қызметтегі еңбегі, еліміздің экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты  нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін берілгені атап көрсетілген. Марапаттау рәсімінде  Елбасы сәлемін жеткізген Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев санаулы күннен кейін Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық  қызметі басталатынын еске түсірді. Оның айтуынша,  ЕҚЫҰ елдері Сыртқы істер министрлерінің Афиныда өткен кеңесіне қатысушы 55 елдің өкілі бірауыздан Қазақстан Президентінің 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы идеясына қолдау білдірген.

Соңғы жаңалықтар