Қанат Саудабаев өзінің шетелдік әріптесімен телефон арқылы сөйлесті
АНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы Істер министрі Қанат Саудабаев 27 қарашада Армения Сыртқы істер министрі Эдуард Налбандянмен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгімелесушілер әңгіме барысында алдағы 1-2 желтоқсандағы Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық барысын және оның мазмұндық толтырылуын талқылады. Сыртқы саясат ведомстволардың басшылары осы кездесудің табысты және нәтижелі өткізілуінің маңызына, оның барысында ЕҚЫҰ жауапкершілігі кеңістігіндегі ынтымақтастық пен қауіпсіздікті дамытуға елеулі үлес қосып отырған Ұйымның одан әрі дамуының болашағын айқындайтын маңызды құжаттардың қабылдануының маңыздылығына тоқталды.