Қанат Шарлапаев: Биыл еңбек демалысына шықпаймын
АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа еңбек демалысын қай елде өткізетіні туралы сұрақ қойылды.
«Бүгін отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді қолдау мәселесін қарап жатырсыздар. Осыған байланысты сұрайын дегенім, биыл жазда қай елді демалдыңыз?» - деп сұрады журналист.
Министр әлі еңбек демалысына шықпағанын айтты.
«Менде ешқандай демалыс болған жоқ. Қазір тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін қалпына келтіру, оларды баспанамен қамтамасыз ету үшін өңірлерге көп барып жүрмін. Сонымен осы жазда менде ешқандай демалыс болған жоқ. Жыл аяғына дейін ешқандай демалыс болмайды», - деді Қанат Шарлапаев.