Қанат Шарлапаев – Қазақстанның регби федерациясының жаңа төрағасы

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың 25 қаңтарында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «QAZAQSTAN RUGBY» Заңды Тұлғалар Бірлестігінің президенті болып сайланды.

қанат шарлапаев
Фото: baiterek.gov.kz

Федерация жастар регбиін дамыту, әйелдер командаларына қолдау көрсету, спортты танымал ету және инфрақұрылымды құруды жоспарлап отыр. 

Айта кетейік, регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде 19-орынға жайғасқан. Аталған құрама халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрініп жүр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін әлем чемпионы Мерей Ақшалов Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы болғанын хабарлаған едік.