Қанат Сухамбеков Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің өкімімен Қаржы басқармасының басшысы болып Қанат Сухамбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдікке сілтеме жасап.
None
Фото: Алматы әкімдігі


Қанат Сәдуақасұлы Сухамбеков 1992 жылы 17 тамызда Астанада туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Қ. Сухамбековтың Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінде және Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінде жинақтаған тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.
Тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар