«Қанатты» көліктер 2017 жылдан бастап сатылымға шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алғашқы ұшатын көліктер 2017 жылы сатылымға шығарылады, деп мәлім етті AeroMobil компаниясының бас директоры Юрай Вацулик АҚШ-тың Остин қаласында өткен SXSW конференциясы барысында.

«Қанатты» көліктер 2017 жылдан бастап сатылымға шығады

Аэромобильді құрастыру жұмыстары 1989 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұл көлік кәдімгі жолда да жүре алады, әуеде де ұша алады, оған кәдімгі жанармай құйылады. Ол сағатына 200 шақырым қашықтықты бағындыратын болады, деп күтілуде, деп жазады Naked Science.

Бұл көлік тек тегіс жазықтықтан ғана емес, шөп үстінен де ұшырыла алады. Демек, аэромобиль жүргізушісінің сертификатталған ұшқыш болуы да талап етіледі.

Алғашқы аэромобиль екі орындық болады және парашютпен жарақталады. Әзірге оның құны құпия сақталып отыр.