Қанаттың ықтимал қарсыласы Мигель Котто әлем чемпионы атанды

12 раундқа созылған жекпе-жекте Котто қарсыласы жапондық Йошихиро Камегаиды (27-4-2, 24КО) ұпай басымдылығымен (120-108, 119-109, 118-110) жеңіп, бірінші орта салмақтағы WBO әлем чемпионы белдігінің иегері атанды.
Айта кетерлігі, дәл осы күні бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық кіші Флойд Мейвезермен жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор Макгрегор арасындағы «Ғасыр жекпе-жегі» Лас-Вегастағы T-Mobile аrena спорт кешенінде өткені белгілі. Сондықтан да болар Котто-Камегаи жекпе-жегі көлеңкеде қалып қойғандай әсер қалдырады.
Еске сала кетейік, Мигель Котто 2015 жылы қараша айындағы соңғы кездесуінде Сауль Альвареске орта салмақтағы WBC титулынан айырылып қалған болатын. Жекпе-жектен кейін Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Альвареске міндетті қарсылас ретінде қазақстандық Геннадий Головкинді белгіледі. Қортындысында, Альварес титулдан бас тартқан болатын. Ал Альварес орта салмаққа кеткеннен кейін, WBO нұсқасындағы чемпиондық белдігі бос қалған еді.