Канаверал ғарыш айлағында зымыран жарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаверал мүйісінде орналасқан (Флорида штаты) ғарыш айлағында жарылыс болды, деп хабарлады ТАСС агенттігі Associated Press сілтеме жасай отырып.
Алдын ала болжау бойынша, оқиға SpaceX компаниясының ұшыру алаңында болған. Куәгерлер осы орыннан әуеге көтерілген қара түтін жайлы әңгімелеуде. Соңғы рет ғарыш айлағындағы төтенше оқиға былтыр болған. 2015 жылдың 28 маусымында Dragon жүк кемесі тиелген Falcon 9 тасығыш-зымыраны халықаралық ғарыш станциясына ұшу кезінде жарылды. Мекеменің мәлімдеуінше, жарылыс ұшу командасы берілген соң, бірнеше секундтан кейін болған. Зымыран қалдықтары Атлант мұхитына құлаған.