13:30, 25 Сәуір 2011 | GMT +5
Кандагарда бес жүзге тарта тұтқын түрмеден қашып кетті
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Ауғанстанның Кандагар қаласындағы түрмеден 476 тұтқын қашып кетті, деп хабарлайды Agence France-Presse дүйсенбі, 25 сәуір күні, аталған түзеу мекемесінің бастығына сілтеме жасап.
Тұтқындар қашуға алдын ала дайындалып, ұзындығы 350 метрдей тоннель қазған. Сол арқылы түрменің аумағын тастап, қашып шыққан дейді мекеме басшылары. Басқа мәліметтер әзірге нақты жарияланбай отыр. Қашу жоспарының алдын ала жан-жақты ойластырылып, жақсы дайындалғандығын жергілікті полиция да растап отыр, деп жазады Life News.