Қандағарда жарылыстың салдарынан 41 адам қаза тапты

АСТАНА. Тамыздың  26-сы.  ҚазАқпарат -  Ауғанстанның Қандағар қаласында  болған   лаңкестік әрекеттің салдарынан,  нақтыланған  мәліметтер  бойынша, 41 адам қаза тапты, 66 адам жараланды,

Қандағарда  жарылыстың салдарынан 41 адам қаза тапты

деп хабарлайды   РБК агенттігі.

Негізінен пәкістандық   қызметкерлер жұмыс істейтін     жапондық құрылыс   фирмасының  кеңсесінің     жанында    жарылғыш  заттар қойылған бес автокөлік  жарылған.   Куәгерлердің айтуынша,   жарылыс қуатының   күшті  болғаны соншалық,   фирманың  ғимаратының  ғана емес,  көрші  орналасқан   кейбір  үйлердің  де күлін көкке  ұшырған,    жақын  маңдағы  40-қа жуық      дүкендерді зақымдаған.