09:57, 12 Шілде 2016 | GMT +5
Қандастарымыз Қанат Исламға шапан жауып, темір тұлпар мінгізді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда қандастарымыз Қанат Исламның құрметіне дастархан жайып, той жасады. Бұл туралы Берік Сұлтанұлы Фейсбуктағы жеке парақшасында хабарлады.
Қанат Исламның ағайын-туыстары мен ауылдастары ақ тілегін айтып, дуалы ауыз ақсақалдар батасын берді. Той соңында жерлестері батырға шапан жауып, темір тұлпар сыйлады.
«Менің мақсатым бокстан дүние табу емес. Америкаға кетуімнің басты себебі - қазақтың атын шығарып, белгілі бір дәрежеге жету. Біздің ұлтқа қазір көк туды желбіретіп, намысты таптатпайтын азаматтар керек. Маған дүниеден бұрын жеңіс қымбат. Ел абыройы маңызды!» - дейді Қанат Ислам.