Қандасымыздың Қытай телеарнасында орындаған «Әже» әні интернетте қызу талқылануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Fujian TV «Sounds of nature» ұлттық әндер реалити-шоуында өнер көрсетіп жатқан қандасымыз Арай Айдарханның әжесіне арнап айтқан әні қытайлық тыңдармандардың көзіне жас келтірді.
None
None


Арайдың әжесіне деген сағынышынан туған бұл әні қазақтың отбасылық құндылықтарын әйгілейді. Тыңдармандар әлеуметтік желіде композициядан алған әсерлерімен бөлісіп, үлкендерді құрметтеп, ардақтап-бағалау керектігін жазуда.

Еске сала кетейік, реалити-шоудың алдын ала жазылымы телеарна эфирінен кеше көрсетілді. А.Айдарханның қытай тілінде орындаған «Әже» әні Sina weibo әлеуметтік желісінде 40 мыңға жуық рет қаралып үлгерді.

Арай қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Singer 2017» жобасындағы музыкалық продюсері. Ол 2013 жылы «Chinese Idol (中国梦之声)»,  2014 жылы «Chian Is Listening (中国正在听)» ән байқауында үздік бестіктен көрініп, қытай эстрадасының танымал әншісіне айналды.

Арай Айдархан бұған дейін аталмыш реалити-шоуда «Самалтау» әнін шырқағанын жазған едік. 

 
Соңғы жаңалықтар