Қандай әлеуметтік желілер жастарға өз-өзіне қол жұмсауды үгіттейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жастарға өз-өзіне қол жұмсауды үгіттейтін әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстар анықталған жағдайда, бірден жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚазАқпараттың ресми сауалына жауап берген министрлік ақпаратында Байланыс, ақпараттану және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті тұрақты негізгі еліміздің ақпараттық кеңістігіне, оның ішінде әлеуметтік желілерде жарияланатын материалдарға мониторинг жүргізетіндігі аталып өтілген.
«Қазақстан заңнамасына сай келмейтін материалдар анықталған жағдайда интернет-ресурстың меншікті мекенжайына оларды жою туралы ескерту хаты жіберіледі. Меншік иесі бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, комитет «Байланыс туралы» ҚР заңының 41-1-бабында көрсетілген тәртіппен байланыс операторына интернет-ресурста жарияланған ақпаратқа шектеу қою туралы ұсыныс енгізеді», - деп атап өтті ведомстводан.
Сонымен қатар министрлік «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес суицидті насихаттайтын материалдарды тарату заңнамада бекітілген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралының шығуына тосқауыл қоюға негіз болады. Осылайша, заңнамада суицидті насихаттау белгілелері бар кез келген материалды БАҚ-та жариялауға тыйым салынған.
«Ағымдағы жылдың қаңтары мен 25 қарашасына дейінгі кезеңде комитет ескерту жұмыстары аясында «В Контакте», «Одноклассники» әлеуметтік желілерінің және басқа да интернет-ресурстардың әкімшілерінің мекен жайына жастар арасындағы суицидті насихаттау белгілері бар 211 ақпараттық материалға (оның 161-і әлеуметтік желілерде орналастырылған) қатысты ескерту хатын жіберді. Бүгіні таңда аталған барлық материалдарға қатысты интернет-ресурстардың меншік иелелері оларды жою немесе Қазақстан аумағында кіруге шектеу қою шараларын қабылдады», - деді министрліктен.
Сонымен қатар комитет суицидті насихаттау белгілері бар 23 ақпараттық материалға «Байланыс туралы» ҚР Заңының 41-1 бабымен Қазақстан аумағында таралуына тыйым салған.
Осы орайда еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрлігі интернет-ресустарда немесе әлеуметтік желіде жарияланатын ақпараттың нақтылық пен заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау тұрғысында заңнама талаптарына сай болуы тиістігін ескертеді.