Қандай да бір жетістікке қол жеткізу үшін әркім ең алдымен өз мүмкіндігін саралауы керек ?аудан активі
АЛМАТЫ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қандай да бір жетістікке қол жеткізу үшін әркім ең алдымен өз мүмкіндігін саралауы керек.
Бүгін Алматы қаласы Алмалы ауданында өткен аудандық актив жиналысында осылай айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бұл алқалы жиын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Дағдарыстан - дамуға» деп аталатын Жолдауын талқылауға арналып отыр. Оны ең алдымен аудан активінде қарап, алдағы уақытта қол артар жетістіктің жолдарын қарастырмақпыз. Содан кейін жан-жақты ойластырған шаруаны бүкіл жұрт боп көтеріп, өзімізге жоспар қабылдамақпыз», - дейді Алмалы ауданының әкімі Марат Пірінбеков. Мәжіліске аудандағы барлық мемлекеттік атқарушы органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Аудан басшысының айтуынша, қандай да бір жетістікке қол жеткізу үшін алға қандай да бір мақсат қоюдан бұрын әркім ең алдымен өз мүмкіндігін саралап алуы қажет.