Қандай екпені коронавирус вакцинасымен бірге алуға болмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қандай екпені коронавирус вакцинасымен бірге алуға болмайды. Бұл сауалға онлайн брифинг барысында С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тірі вакцинаны БЦЖ екпесімен бірге алуға болмайды. Бұл барлық вакцина үшін жалпы ереже. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина енді ғана қолданыла бастады. Сондықтан оны кешенді түрде қолдану ұсынылмайды, бұл уақытша шара. Біраз уақыттан кейін ол басқа вакциналармен біріктіріле бастайды. Әзірге мұндай ұсыныс жоқ. Қазір кене энцефалитіне қарсы маусым бар, бірақ тірі вакцинаны біріктіру мүлдем мүмкін емес. Коронавирусқа қарсы вакцинаны бөлек қолдануды ұсынамын», - деді ол.

Сонымен қатар, Эльмира Битанова вакцинациядан кейін иммунитеттің қанша уақытқа дейін сақталатынын атап өтті.

«Бұл инфекция 2019 жылы басталды, иммунитетті сақтаудың болжамы екі жыл деп отырмыз. Бұл болжам. Бізге әлі ешкім кепілдік бере алмайды. Біз қазір вирусты тоқтатқымыз келеді. Вакциналар әлі де жетілдіріледі», - деп қосты иммунолог.


Соңғы жаңалықтар